Русский Сайттың толық нұсқасы

Қару-жарақ ұрланған әскери бөлім майоры 10 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2020
  • 3117

Шымкентте қару ұрлығына қатысты сот процесіне нүкте қойылды. Бүгін нөмірі 10\216 әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы, майор Ержан Даутовқа қатысты сот үкімі шықты. 5 бап бойынша айыпталған әскери 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы командир сот шешімімен келіспейтінін айтып, сотта шу шығарды.

Сот процесінде, кіші сержант Абылай Балғынбай, бұл қылмысқа командирінің қорқытуымен барғанын айтқан еді. Ал, бұрынғы басшы Ержан Даутов болса, сержанттың сөздерін теріске шығарды. Ол, тіпті өзінің командир міндетін атқарғанын білмегенін айтып ақталды.

А. Төребекқызы