Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыста бір жыл бойы киікті қырып келген қылмыстық топтар ұсталды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2020
  • 3369

Бір жыл бойы киікті аяусыз қырып келген, екі қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұсталған 11 браконьер, жануардың мүйізін сатумен айналысқан деген күдік бар. Экологияға келтірілген шығын көлемі 700 млн теңгені құрайды. Ұсталғандарды тінту барысында 700 мүйіз, 9 қару, 7 жол талғамайтын көлік, оған қоса қарда жүруге арналған машина, мотоцикл тәркіленген.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 12 мың фактісін анықтады. 583 іс бойынша тергеу басталды, 221 қылмыстың іс сотқа жолданды. 12 мыңға жуық құқық бұзушы, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ә. Өмірзақ