Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Республика бойынша бүгін 1500-ге жуық қазақстандыққа партия билеті табысталды. Олардың арасында механик, инженер сында түрлі сала мамандары бар. Толығырақ, келесі бейнематериалда.
Партияға мүше болғандардың қатарында жас буынмен қатар, аға буынның өкілдері де аз емес. Бас қалада саяси өмірге қадам басқандарды партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құттықтады. Ол саяси ұйым мүшелігін растайтын құжат тапсырды. Өз сөзінде Елбасының атқарған келелі істерін үлгі етті.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өздеріңіз білетіндей 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауда халықтың қолдауымен Президент болып атанды. Әрине, үлкен еңбектің нәтижесі. Елбасы және оның қатарластары биліктің тізгінін қолында ұстап, Қазақстанды бүгінгі күнге нәтижелі алып шықты.
Олжас БЕКАРЫСОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің еліміздің дамуы үшін өз үлесімді қос мақсатында партияға кіру туралы шешім қабылдадым. Ол менің жауапкершілігім. Біз партия алдымызға қойған мақсаттарға жету үшін бар күш жігерімізді жұмсауға барымызжы саламыз.
Оралдық Мейрам Оспанов та бүгін «Nur Otan» партиясының мүшесі атанды. Билік партиясының қатарынан табылып, өзекті проблемаларды шешуді көздейді.
Мейрам ОСПАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Беделді, билікке сөзі жүретін партия. Сондықтан оның мүшелігінде жүргеннен кейін біз де жерде қалмаймыз деген ниетпен, өскіміз келеді, билік басында болғымыз келеді. Сөздің шыны керек, осындай үлкен партияға кіріп жатқанымызға өзімізді бақытты санаймыз.
Ал қызылордалықды облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қабылдап, партия билеттерін табыс етті. Ол сондай-ақ «Халық алғысы» төсбелгісінің иегерлерін марапаттады. Аймақта бүгінге дейін 44 мыңға жуық партия мүшесі болса, қатары 13 азаматқа артқан.
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Партия Елбасы саясаты мен ұстанымын берік қолдап, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да партияластар халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыру жолында жұмыстарын жалғастырып, елдігін көрсетіп, бірлігін танытады деп сенемін.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында жалпы республика бойынша партия мүшесі атанғандар саны 1500 жуықтайды. Олардың арасында әйелдер мен жастардың үлесі басым.
Ә. Өмірзақ, М. Тоқтасынқызы, Е. Карин