Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық аспаз хот-дог пісіруден рекорд жаңартты

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2020
  • 1588

Елорда да Тұңғыш Президент күні ұзындығы 31 метр болатын хот-дог әзірленді. Аспаз Александр Плотников осылай әлемдік рекордты жаңартты. Осыған сай аспазға арнайы сертификат табысталды.

Аспаз алып асты дайындауға 5 күн кетті деді. Шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлегенін жеткізді. Қазақстан рекордтар кітабының өкілі, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілгенін айтты. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты. Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр.

Қуандық ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ГИННЕС РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Басқа елдерде де орнатылған. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деп қарауға да болады.


Ғ. Өтемісов