Ал, алматылық Нұрсұлу Мусина нәрестесінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Ол өзі босанған «Перинатология және балалар кардиохирургия орталығы, сәбиімнің жүрегінде ақау бар екенін дер кезінде анықтамады деп отыр. Әріптесім Әсем Лесбек тақырыпты тарқатады.
Алматылық 28 жастағы Нұрсұлу Мусинаның алғашқы жүктілігі 9 ай бойы қалыпты өткен. Айы-күні жеткенде толғақ қысып, перзентханаға жеткізіліпті. Сәбиін 21-ші мамырда қаладағы Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында дүниеге әкелген. Бірақ жаңа туылған баласының денсаулығында кінәрәт бар екенін сезіпті.
Нұрсұлу МУСИНА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Баланың демалғаны бір түрлі болды. Одышка. Мен оның дұрыс емес екенін байқадым. Сол кезде роддомда врачтардан сұрадым. Неге менің балам бұлай демалады қараңызшы дұрыс емес сияқты деп, жоқ жаңа туылған баланың барлығы осылай демалады деп жауап берді.
Дәрігерлер нәресте мен жас ананы бес күннен кейін үйге жіберген. Бірақ бала күн өткен сайын салмақ қосудың орнына керісінше әлсірей беріпті. Жеке клиниканың біріне тексерткенде, «туа біткен жүрек ауруымен туған» деген диагноз қойып берді дейді. Сөйтіп отаға дейін сәби көз жұмған.
Нұрсұлу МУСИНА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Отыз бірінші тамыздан бірінші қыркүйекке қараған түні баламның жүрегі тоқтады 08/01 Мен соған таң қаламын, қазір неше түрлі обородувание, узи бар. Қалай оны көре алмады.
Бұл сұрақтарды ақ халаттыларға бізде қойғымыз келді. Ауруханаға барғанымызда ондағылар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының рұхсатын алуымызды сұрады.
Ал басқарма басшылары сауалымызға жазбаша қысқа жауап жолдапты. Онда "сәбидің жүрегіндегі туа біткен ақауды уақытында көру мүмкін болмады" деп көрсеткен. Ал, себеп салдарын түсіндірмеді. Мұндай жағдайлар ел ішінде аз емес. Күні кеше әлеуметтік желі арқылы «бір ажалдан аман қалдым» деген Әлина Әбілованың да оқиғасы жұртты елең еткізді.
Әлина ӘБІЛОВА:
Баламды «Керуен Медикус» емханасында босанамын деп шештім. Сол орталықта УЗИ жасатып, бірнеше рет тексерілдім. Толғағым келсе де, дәрігерлер алаңсыз жүре берді. Су ағып кеткеннен кейін 35 сағаттан соң мені кесерь тілігі арқылы босандырды. Ауыр отадан кейін дәрігерлер жатырымды алып тастаған. Сүтім де шықпады, балам сол күйі ана сүтінің дәмін татпады.
Дәрігерлердің ағатығынан жапа шектік деген екі келіншекте прокуратураға арыз жазған. Заңгер бұл мұндай жайттарда дәрігердің кінәсі тек сот медициналық сараптамасынан кейін ғана аннықталатынын айтты. Айыбы дәлелденсе 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады деді.
Руслан ҚОЖАХМЕТ, ЗАҢГЕР:
Ай- күні жетіп отырған келіншектер қандай орталықта босанатындарын алдын-ала жоспарлауы қажет. Мейлі мемлекеттік болсын мейлі жеке-меншік болсын аурухананың, дәрігерлердің біліктілігін тексеру қажет. Тек осылай ғана босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі өлім-жітімді азайтуға болады
Қайғылы оқиғадан соң, Нұрсұлу Мусина қайта бала көтеруге қорқатынын айтты. Ол сәбидің өліміне кінәлілер тиісті жазасын алсын дейді. Тіпті денсаулық сақтау министрлігіне де шағым түсірген.
Ә. Лесбек