Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы қашықтан оқыту бойынша алдыңғы орында - «Nur Otan»

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2020
  • 1691

Батыс Қазақстан облысының мектептері қашықтан оқыту бойынша ел ішінде алдыңғы орында тұр. Аймақтағы оқушылардың бірінші тоқсандағы қорытынды сабақ үлгерімі бойынша, білім министрлігі осындай ұйғарым жасаған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың сала мамандарымен кездесуінде белгілі болды.  Ұстаздардың сөзінше, қашықтан оқу қиын емес. Ең бастысы, сапалы интернет және оқушы мен мұғалімде ынта болуы тиіс. Ендігі мәселе -педагог кадрлардың шеберлігін шыңдау дейді. Яғни, мұғалімдерге қашықтан оқытудың тиімді әдістерін қолдануды жаппай үйретіп, біліктілігін арттыру көзделіп отыр. Бұл үшін арнайы бағдарлама да әзірленіпті.

Софья ІЗМҰХАМБЕТОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "ӨРЛЕУ" БПҰ ТӨРАҒАСЫ:

Балалар қашықтан оқыса да, өз деңгейінде білім ала алады. Егер бала соған ұмтылса, ата-ана қолдау көрсетсе, әрине мұғалім қалай болса да сол тақырыпты меңгертеді деп ойлаймын. Ендігі мәселе – біздің мұғалімдеріміздің біліктілігін арттыру қашықтан оқытуда. Осы орайда «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы сол бойынша бағдарлама жасады. Сол бағдарлама қазіргі кезде министрлікте бекітілді, қазір сол курстар жүргізіліп жатыр.


Е.Карин