Русский Сайттың толық нұсқасы

Кірпіш тапшылығынан Петропавлда тұрғын үй құны өсті

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2020
  • 2052

Қызылжарда кірпіш тапшы. Өйткені, Петропавлдың өз басында бұл құрылыс материалы мүлдем өндірілмейді. Сондықтан кәсіпкерлер кірпішті басқа аймақтардан тасуға мәжбүр. Бұл әрине нарыққа әсер етпей қоймайды. Кірпіштің кесірінен теріскейде пәтер құны өсіп кеткен. Бұл мәселені жергілікті билік жақсы біледі. Қисынын қалай таппақ? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин біліп көрді.

Қызылжарда бірнеше құрылыс компаниясы бар. Соның ең ірі дегені жылына бірнеше үй соғады. Қысы қытымыр солтүстікте, құрылысқа ең қолайлысы кірпіш көрінеді. Серіктестік басшысының айтуынша, кірпішті ол көрші облыстардан тасып жүр екен.

Андрей КАПУСТИН, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз кірпішті Нұрсұлтан мен Көкшетау қалаларынан сатып аламыз. Оларда дефицит пайда болған кезде Ресейден импорттаймыз. Қасбетке арналған кірпіштерді 130 теңгеден. Ал, бүтін кірпіштерді 72 теңгеден аламыз. Оған жол шығынын қосамыз. Өнім зауытта тапшы болғанда қиналып қаламыз. Құрылыс тоқтайды.

Соңғы жылдары теріскейдегі құрылыс саласына қан жүгіріп, негізгі материалға сұраныс арта түсті. Осы күннің өзінде 40 көпқабатты үй құрылысына 67 млн дана кірпіш керек екен. Ал, Қызылжардағы жалғыз зауыт 2000-шы жылдары жабылып қалған. Жергілікті билік жақында кірпіш өндірісін қолға алмақ.

Медет ОСПАНОВ, СҚО ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Зауыттың жобалық күші тәулігіне 150 мың кірпіш. Орта есеппен бір айда отыз миллионға дейін шығарады. Облыстағы тапшылықтың жартысын осы зауыт жабады. Шикізат бізде балшықтың каръері бар. Ресми тіркелді. Ресми сараптамадан өтті. Осы забутовочный кірпішке сәйкес келеді.


Айта кету керек. Петропавлда жергілікті кәсіпкерлер мұның алдында бір кірпіш зауытын ашуға талпынған. Алайда ол, сапасыз шикізат кесірінен 2014 жылы жабылып қалды. Әкімдік биыл ол олқылықты жібермейміз деп отыр. Ал егер, шикізат ойдағыдай болып, зауыт толық қанды жұмыс істеп кетсе онда теріскейде тұрғын үй бағасы да арзандауы тиіс.

А. Құрманкин