Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда құрылысшылар жарты жыл бойы жалақы ала алмай отыр

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2020
  • 2275

Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенін салған жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Өйткені, тапсырыс беруші компания мердігер кәсіпорындарға бір тиын төлемепті. Онсызда күн көрісі ауыр құрылысшылар болса сотқа арызданбақ. Кім кімге қанша қарыз? Әсем Лесбек тарқатсын.

Жалақысын жарты жыл бойы ала алмай жүргендер арасында Елордадан келген құрылысшылар да бар. Олар үйдің ішкі жұмыстарын жүргізуге тартылған. Жұмысшылар, қайтар жолы түгіл, нанға көк тиын таба алмай отыр.

Захида САРҚАЗАҚОВА, ЖҰМЫСШЫ:


ЖК «Восточка» мына Думан жақтағы сол жерде істедік. Міне 7 ай болды ақшамызды ала алмай жүрміз. Еңбегіміздің ақысы ғой енді. Балалардың еңбегі. Барлығының семьясы бар. Кредиттері бар барлығының, қайдан төлейді оны?

Алматыға келіп опық жеген жалғыз Захида емес. Тағы 70-тен аса жұмысшы осы күйде отыр. Келісім-шартпен келген құрылысшылар ішінде көп балалы аналар да бар.

Фарида ЮЛБЕКОВА, ЖҰМЫСШЫ:


Бізді осында шақыртты. ИП мен ТОО-ның договоры бар.  Ақша сұрасақ болады болады істей беріңіздер. Менің өзіме 3 млннан астам. Бала-шағамды тастап тұрып, жұмыс істеп жатырмын. Инвалид қызым. ДЦП ребенок. Каждый день судорог береді. Дәрісі бар.


Құрылысшылар құзырлы органдарға бірнеше рет шағым жазыпты. Нәтиже болмаған. Амалы таусылған жұмысшылар енді ақпарат құралдарынан араша сұрап отыр.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, жалданған мекемелер құжаттарды дұрыс рәсімдемеген көрінеді. "Жалақы қағаз реттелген соң төленеді", деді серіктестік бас директоры.

Берік ЖҰМАБАЕВ, СЕРІКТЕСТІК БАС ДИРЕКТОРЫ:

Сол списания жабылмаған себептен осындай ақша төленбеуі сол себеп болып отыр. Қаражаты беруге біз дайынбыз. Құжатты бізге алып келсе, құжатты жабамыз. Ақшаны аударып береміз.


Тапсырыс берушінің сөзін мердігерлер теріске шығарып отыр. Құжаттар уақытында тапсырлыпты.

Зарина ИМАНБАЕВА, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БРИГАДИРІ:
 
Мен документтің бәрін ПТО-ға тапсырдым. Полный тапсырылды. Енді только генеральный директор мен зам директордың қолы керек. Одан кейін болды.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Тапсырыс беруші компания, мердігер мекеменің жұмысшыларына 124 млн теңге қарыз, көрінеді. Басшылары оны теріске шығармады. "Берешегімізді осы аптада өтейміз", деп отыр. Шыдамы таусылған құрылысшылар болса, компания сөзіне нанбайды. Олар сотқа арызданбақ.

Ә. Лесбек