Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте пәтер өртеніп, ер адам жанып кетті

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2020
  • 1418

Шымкентте қамыстан салынған қосқабатты үйден өрт шықты. Отқа оранған пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Бірінші қабаттан шыққан жалын, екінші қабаттағы пәтерді де шарпыған. Күлге айналған аумақтың жалпы көлемі 35 шаршы метр. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының дерегінше, марқұм бұл мекен-жайда тұрғылықты тұрмаған. Осындағы азаматшамен тұрып келген. Көршілері де мұны растап отыр. Әрі олардың арасында жиі ұрыс-керіс болатынын да жеткізді.  Мамандардың алдын ала жасаған болжамына сай, өртке балауыз шам себеп болуы мүмкін.

Аманбек БЕЙСЕМБАЕВ,  ШЫМКЕНТ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрт сөндіру кезінде байқағанымыз зорлық белгілері бар, қайтыс болған адамда байқалынды. Сондықтан қазіргі таңда полиция қызметкерлері сот сараптамасын тағайындап, қылмыс құрамы бар жоғын анықтайды. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін оны анықтау барысында нақты ақпарат бере аламыз.


Полиция қазір тиісті сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру басталғанын жазбаша хабарлады.  Ал 1935 жылы тұрғызылған бұл баспананың, өзге тұрғындарынан да маза қашты. Олар ескі үй қирап қала ма деп қауіптенеді. Өйткені қосқабатты баспана осыдан 20 жыл бұрын бұзылады деген екен. Айта кетейін, төтеншеліктердің дерегінше Шымкентте алпысқа тарта тозығы жеткен үй бар.

 А. Төребекқызы