Отандық екі әуекомпаниясы ұшу лицензиясынан айырылды. Олардың біреу аты шулы Bek Air болса, екіншісі Sigma Airlines компаниясы.
Кәсіпорындармен бірге мамандарды дайындайтын арнайы оқу орталықтары да жабылып отыр. Елдің авиациялық әкімшілігі бүгін осындай мәлімдеме таратты. Бас директор Питер Гриффитс айтуынша, орталықтарда түрлі заң бұзушылық тіркелген.
Питер ГРИФФИТС, ҚР АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Bek Air түбейгелі жұмысын тоқтатты деуге болады. Әрине, лицензиясын қайта сұрата алады. Бірақ, ол қазіргі жағдайда мүлдем мүмкін емес. Компанияны қайта жаңғырту үшін, аяққа тұрғызу үшін қомақты қаржы керек. Ал, басын көтере алмай кеткен Bek Air-дің оған шамасы жетеді деп ойламаймын. Олар отандық жолаушыларға тым әділетсіздік танытты. Дәл сондай қазір жабылудың сәл-ақ алдында тұрған 2 компания да бар. Оларды да барынша адал қызмет етуге шақырамын.
А. Мүтәлі