Русский Сайттың толық нұсқасы

Киберқауіпсіздік сертификатын орнату азаматтарға міндеттелмейді

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2020
  • 1667

Елде бірнеше күннен бері интернет жүйесінде ақау пайда болды. Мұндай олқылықтың туындауына киберқауіпсіздік жаттығулары себеп болған. Әлеужелінің әлегінен онлайн форматта оқып жүрген оқушылар сабағына кіре алмай қалды. Ал Цифрлық даму министрлігі келеңсіздіктер үшін кешірім сұрады. Айтуларынша, қауіпсіздік сертификатын тексеру үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті басшысы Руслан Әбдіқалықов азаматтарды қауіпсіздік сертификатын пайдалануға шақырды. Алайда оны орнату орнатпау ешкімге міндеттелмейді екен.

Руслан ӘБДІҚАЛЫҚОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ БАСШЫСЫ:
 
Экстремистік және діни ниетпен электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілеріне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жаппай шабуылдар жасалады. Сонда ақ Мемлекеттік интернет-ресурстарды бұзуға әрекет жасалды. Осындай қауіптердің алдын алуға біз ұсынған сертификаттың қаншалықты пайдасы тиеді? Осы мәселені зерттедік.

Ғ.Өтемісов