Русский Сайттың толық нұсқасы

Төрт айдан бері баспаналарына кіре алмай жүрген павлодарлықтар шу шығарды

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2020
  • 2232

Павлодарда 4 айдан бері уәделі баспанаға кіре алмай жүрген, салымшылар бүгін құрылыс алаңына жиналды. Олар құрылыстың уақытынан кешігіп жатқанына алаңдаулы. Тамызда берілуі тиіс тұрғын үйдің коммуналдық желілер әлі күнге тартылмаған. Ал жауаптылар бір-біріне сілтеп құрылысты созбаққа салып жіберген. Аймақтағы әріптесім Өзгеріс Қуанар тараптарды тындап көрді.

Салымшылар құрылыс басына күнде келетіндерін айтады. Бүгін барлығы жиналды. Өйкенті олардың мұнда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толмайды. Бірақ оларды қақпа алдында қарсы алған күзетшілер, ішке кіргізбеді.

Бұл көпқабатты тұрғын үй кешені, Павлодарда жаңадан салынып жатқан «Достық» шағын ауданында бой көтерген. Биыл жоспар бойынша осындағы 2 бірдей баспана пайдалануға берілуі керек болатын. Алайда, әлі күнге тапсырылған жоқ.

Қайрат ЖҮНІСОВ, САЛЫМШЫ:

Мына үйді тапсырады деген уақыты август, июнь айында тапсырады деген. Мына карта бойынша салынған уақыты ол мерзімге де үлгерген жоқ. Енді біз бармаған жеріміз жоқ. Ана СПК-ға да бардық. Хат жаздық. Ешқандай жауап жоқ. 2 үйді бірнеше қабат ана жинақ тұрғын үй банкінің адамдары айтқан. Ой, мінекей, 1-желтоқсанда аласыздар, 16-желтоқсанда аласыздар, Жаңа жылда аласыздар -деп.


Қайрат Жүнісов – 2 бөлмелі пәтер алу үшін 10 жыл қаражат жинапты. Содан бері 3 баласымен пәтер жалдап жүр. Ол тұрғын үйге қыс келсе де, әлі күнге жылудың тартылмағанын айтты.

Қайрат ЖҮНІСОВ, САЛЫМШЫ:

Қабырғалардың бәрі суиды. Сырость болады. Үйдің фундаменті отырады. Бүкіл жасалған стройтельдердің еңбектері жарылып жарылыпып, қабырғаның бәрі көкпеңбек болып кетеді. Біздің өзіміздің бәлен жылда тырнақтап жинаған ақшамызды міне 50 пайыз салдық осы үйге.

Нұрбек ҚАЛАМОВ, САЛЫМШЫ:

Қалалық биліктерден көмек болып жатқан жоқ. Жазған хатқа бәріне жауап жоқ. Қалалық биліктертегі конечно, өздерінің үйлері бар. Олар бір-біріне итеріп отыр. Мен міне, 4 жыл пәтер жалдап келе жатырмын. Өзім 4 жыл. Жинағаныма 6-жылға кетті.

Нараза бұқараның жанайқайын шаһар әкімдігіне жеткіздік. Ондағылар үйлерге коммуналдық желілердің уақытылы тартылмауына қағазбастылық себеп болғанын айтып, ақталды.

Арман АСЫЛХАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

«Достық» шағын ауданына жылу желілерін тарту жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады. Жылу тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қалған инженерлік желілер 2021 жылдың жарты жылдығында толық аяқталатын болады.


Шенділердің сөзінше, салымшылар биыл қоныс тойын тойлай алмайды. Өйткені, үйдің қаңқасы тұрғызылғанымен, бітпеген жұмыстар шаш етектен – дейді. Сондықтан, салымшыларға тағы күтуден басқа амал жоқ.  

Ө. Қуанар