Үстінен қылмыстық іс қозғалан Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни «Nur Otan» партиясының қатарынан қуылды. Мұны саяси ұйымның осы өңірдегі өкілдігі мәлімдеді. Басы дауға қалған депутат мәселесі партиялық бақылау комиссиясы отырысында қаралған. Нәтижесінде, заңға қайшы әрекет жасаған депутат, бас партиядан шығарылды. Ал, Аркадий Нидің өзі осы уақытта уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бағжан ТІЛЕГЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ақтөбе облысы маслихаты депутаты Аркадий Ни заңға қайшы іс-әрекет жасады деген күдікпен ұсталу фактісі бойынша филиалдың партиялық бақылау комиссия отырысында қаралып, саяси кеңес бюросына партиядан шығару туралы ұсыныс түсірілді. Саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни партия қатарынан шығарылды.