Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда барымташы 25 жылқы ұрлап, қарызын өтеген

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 1722

Солтүстік Қазақстан облысында бақташы, ауыл ішіндегі қарызын өтеу үшін 25 жылқы ұрлаған. Полиция хабарламасына қарағанда, Айыртау ауданы тұрғыны қырда жүрген бір үйір жылқыны айдап кетіпті. 18-ін ол ауыл ішіне таратқан. Сөйтіп, қордаланып қалған қарызын жауыпты. Ал, қалған жылқыны Нұр-Сұлтанға апарып сатқан. Ақыры малдың іздеушісі табылып, барымташының ісі әшкере болды. Полиция, ауыл ішіндегі бұқараға бұйырған малды толықтай тәркілеп алды.

Данияр ҒАЛИАҚПАРОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптың санкциясы 7ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Тергеу барысында күдіктіден ұрланған 7 малдың терісі мен ақшалай қаражаттар тәркіленді.


45 жастағы күдіктіге қатысты сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы теріскейде мал ұрлығы азаймай отыр. Тәртіп сақшылары тек соңғы аптада ғана мал ұрлығына қатысты 7 істің бетін ашыпты.

А. Құрманкин