Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Қазақстан құрамасы азулы Франциямен кездесетін болды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 1303

Футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алу үшін азулы Франциямен кездесетін болды. Швейцарияда өткен Еуропалық елдер арасындағы жеребеде Қазақстан D тобына түсті. Онда қазіргі әлем чемиондарынан бөлек Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина да бар. Айтып өтейін, тартысты кезең 2021 жылдың 24-25-ші наурызына жоспарланған. Одан іріктелген 10 команда 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иегерлері "Ұлттар лигасында" топтық кезеңде мықты атанған 2 құрамамен кездеседі. Осылайша жалпы 12 құраманың үшеуі ғана Катардағы ойынға қатыса алады.

Ә. Өмірзақ