Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада мөлтек аудан халқы жарыққа жарымай отыр

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2020
  • 1858

Қызылорда қаласындағы тұтас бір мөлтек аудан жарыққа жарымай отыр. Редакциямызға хабарласқан жергілікті жұрт әкімдіктің әрекетсіздігіне шағымданды. "Жарықтың жырын жырлағанымызға 20 жылдан асса да, естір құлақ, көрер көз болмай тұр", деп күйінеді. Амалы таусылғандар қарағайдан электр бағанасын жасап, тоқты өздері тартып алған. Алайда оның қуаты жетпей, халық сығырайған жарықта күнелтуге мәжбүр. Алдымен тыңдап алайық.

Жамал СЛАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Холодильникке қатты салмақ түседі. 2-3 сін алып жатырмыз уже. Ескі столбы болса да бізге бола береді. Болмаса, өздерінде столба болса, жасату жұмыстарына ақша сұраса, оны да жинап береміз. Шағымданғанбыз. Көрсеткебіз. Келіп, счетсик жазып кететіндерге айтқанбыз, энергосервизға айтқанбыз. Ешқандай бірақ нәтиже болмай тұр ғой.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін қызылордалық атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір осы сұрақ бойынша қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Пакуатдин Шамұратов байланысқа шыққалы тұр. Пакуатдин мырза, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. 20 жылдан астам уақыт жарықсыз отыру деген сұмдық қой. Ауылдағы жағдай десек, жақсы таң қалмайсың. Алайда, жылдан-жылға көркейіп келе жатқан қаланы жарықтандыра алмағандарыңыз қалай?

 Пакуатдин ШАМҰРАТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Иә, сұрақты мұқият тыңдап шықтым. Сұрақ өте орынды. Біздің қаламыздың өсу перспективасына байланысты қазіргі таңда жоспарлау жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз. Именно Әл-Фараби мөлтек ауданы тұрғындарына нақты жауабым. Қазір 2020 жылы бізжалпы жоспар жасадық. Құжаттарын бәрін қазіргі таңда рәсімдеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алдық. Қазіргі таңда, 2021 жылғы бюджетке біз бірінші кезекте сол аумақтарда электрмен қамтамасыз етуге байланысты бюджеттік өсім тапсырылды. Алдағы жылы электр тарту жұмыстары толық жүргізілетін болады.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Неге осындай мәселелердің шешілуі үшін халық ең алдымен тілшілерге жүгінуі керек. Бұған дейін шешу мүмкін болмады ма сонда?

Пакуатдин ШАМҰРАТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Біз әр мөлтек ауданды қазіргі таңда жоспарлап жатырмыз. Бірінші кезекте әрине, осы Әл-Фараби ауданын 21-жылғы жоспарда тұр. Толыққанды жұмыстар жүргізілетін болады.

Жақсы. Сұхбатыңызға рақмет! Айтылған сөз, атылған оқ. Алдағы жылы хабарласқан қызылордалық көрермендер жарықтандырылады деп сенеміз. Нәтижесі болмаса, біз бұл тақырыпқа қайта оралатын боламыз. Қымбатты көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Төтенше жағдай немесе заңсыз оқиғалардың куәсі болсаңыз, дәлелдеме ретінде видео-аудио жіберуіңізге болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз.


А. Мүтәлі