Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2020
  • 3527

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Аймақты 9 айға жуық басқарған бұрынғы басшыға, «Қызметтік пайдаланды, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырды» деген айып тағылған. Нақтырақ айтқанда ол, Арыстағы жарылыстан жапа шеккендерге ел болып жинаған 80 млн. теңгені жымқырған. Сот процесі кезінде, 7 ай бойы үй қамақта отырған экс-әкім сот залында тұтқындалды.

Абдуллажан САЙДУЛЛАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бап, 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылсын. Бос бостандығынан айыру жазасы қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде атқару тағайындалсын.

Ысқақовтың өзі де, жақындары да сот шешіммен келіспейтіндіктерін айтуда. Олар аппеляциялық сотқа шағымданбақ. Бұрынғы басшымен бірге оның екі орынбасары Мұрат Имандосов пен Марат Делмұханов та істі болған. Олар 6 жылдан бас бостандығынан айырылды. Экс-әкімнің тағы екі сыбайластары 5 жылдан жазаға кесілді.

М. Тоқтасынқызы