Русский Сайттың толық нұсқасы

Шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2020
  • 2787

Ақтөбенің Бестамақ ауылындағы шошқа базасына 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұны аймақтағы экология департаменті растады. Ферма қоршаған ортаға келтірген шығынын осылай өтеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерге заң бұзушылықтарды жоюға уақыт берілген. Егер талаптарды орындамаса сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.


Нұржан АҚҚҰЛ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


7 млрд теңге шығын есептеліп отыр осы күні. Бір ай мерзім ішінде заң бойынша бюджетке түсу керек. Уақытында орындалмаған  жағдайда  әрі қарай сот арқылы өндіріп алу шараларын қарастыратын боламыз.


Еске салайық, Бестамақ ауылы тұрғындары қарашада жаппай наразылық білдіріп, ауыл іргесіндегі шошқа фермасына жабуды талап еткен еді. Осыдан соң, арнайы комиссия құрылып тексерісті бастаған болатын. Нәтижесінде кәсіпорын 5,6 гектар жерге зиянды қалдық көмгені белгілі болды. Сонымен қатар тазартылмаған өндірістік ағын суды егістікке жіберіп отырған. Тіпті өзенге ағызғаны анықталды. Шошқа санын да құжатта азайтып көрсеткен. бас-аяғы 13 әкімшілік іс қозғалыпты. Тағы бір айта кететін жайт, 2011-ші жылдан бері аталған мекемеге, құзырлылар тарапынан бірде-бір рет тексеріс жасалмаған.

Б. Рахметова