Аграрлық саланы экономиканың драйверіне айналдыру қажет. Үгіт-насихат жұмыстарын бастаған «Ауыл» партиясы осыған білек сыбана кіріспек. Бүгін олар республикалық штабын салтанатты түрде ашты.
"Ауыл" партиясы мүшелері түкпір-түкпірді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын бастамақ. Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларында "Ауыл" партиясының партиялық тізімі бойынша, оған барлығы 625 адам тіркелді. Оның ішінде Мәжілісіке-19 үміткер, облыстар мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына – 98 кандидат ал, аудандық және қалалық өңірлерге – 508 адам ұсынылып отыр. Партия мүшелері нақты 5 бағыт бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне тоқталды. Келелі мәселенің барлығы да ауыл шаруашылығы саласымен байланысты. Партия төрағасы Әли Бектаев сөзден іске көшетін мезгіл жетті,-деді. Айтуынша, елді-мекендердегі халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканың жетекші салаларын дамыту кандидаттардың басты міндеті. Тек ол ғана емес, сайлау алды бағдарламаны түсіндіріп қана қоймай, жер-жерде жинақталып, қордаланған мәселелерді анықтап, халық үніне құлақ асуды басты мақсат етіп отырғандарын жеткізді.
Әли БЕКТАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Агарлық сала біздің басты мақсат болып қала береді. Ауыл тұрғындарының жағдайын көтеру негізгі бағыттардың бірі болмақ. Сонымен бірге халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа саясатын қалыптастыру біздің алға қойған мақсатымыз болып қала бермек.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелері сайлау науқанына дайындықты пысықтады. Үгіт-насихат жүргізу үшін 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қалада 17 өңірлік штаб өз жұмысын бастады. Науқан кезінде онлайн режимінде өңірлерде сайлаушылармен кездесулер, акциялар, дебаттар, флэш-мобтар өткізіледі. Әр түрлі деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар "Ауылдан ауылға" акциясы шеңберінде шалғай ауылды қамти отырып, әрбір ауыл тұрғынымен кездесуді жоспарлап отыр.
Ғ.Өтемісов