Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент тұрғындарын мемлекеттік емханадан жеке меншікке ескертусіз ауыстырып жіберген

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2020
  • 2928

Шымкенттің Абай ауданы Самал-3 мөлтек ауданының тұрғындарын ескертусіз мемлекеттік емханадан жеке меншікке аударып жіберген. Редакциямызға хабарласқан көрермен, медициналық жәрдемді уақытылы ала алмай отырғанын жеткізді. Жеке меншік емдеу мекемесі тұрғылықты мекен-жайдан алыс екен. Тұрғындар қазан айынан бері әкімдікке бірнеше рет хат жазыпты. Алайда, жергілікті шенеуніктер жұрттың өтінішіне әлі күнге жауап жазбапты.

Шолпан  АПСЕМЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімшілікке жаздық департаментке жаздық. Ешқайсысы бізді қайтармай жатыр. Қазақстан азаматы қай емханада поликлиникада емделемін десе де өз еркі деп айтылған. Мына жеке меншікте бізді гинеколог қабылдады басында, терапевттің орнына. Мамандары жеткіліксіз. Ол жаққа қоғамдық көлік жүрмейді. Қарияларымызды таксимен алып барып жатырмыз.
 
Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің ақ-қарасын білу мақсатында Шымкент қаласының атқамінерлеріне хабарластық. Бізбен тікелей байланысқа қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Позилов бар екен. Қайырлы кеш, Бақытжан Жолдасбекұлы! Мұндай өрескелдікке қалай жол бердіңіздер? Емхананың адамдарды басқа мекемеге ауыстыруға құқығы бар ма?

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қайырлы кеш! Бізде мынау емханаларда өте көп 60-70 мың халық бар. Емханаларда сапа төмендемеу мақсатында жасалытын орталыққа жаңадан бой көтерген бізде мөлтек аудандар бар.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Олқылықты қалай түзетесіздер? Электронды түрде тұрғындар өзгеруге тырысыпты, бірақ болмады дейді. Жалпы, өздеріңіз халықтың өтініші бойынша қайтадан сол емханаға қайтара аласыз ба?

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазір кез келген Қазақстан Республикасының азаматы өзінің еркінде, кез келген емхананы таңдап кіре алады. Және тіркеле де алады.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше тұрғындармен байланыста болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


А. Данияр