Русский Сайттың толық нұсқасы

Қалалар карантинге жабылмайды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2020
  • 2580

"Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады". Бүгін, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы осындай қауесет тарады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды. Күні кеше ғана брифинг өткізген бас санитарлық дәрігер шектеу шараларының күшейтілуі тікелей халықтың санитарлық талаптарды сақтауына байланысты деген еді. Бұдан бөлек, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы "Қызыл аймаққа" өтті. Мұнда тәулік ішінде індет жұқтырудың 121 жағдайы тіркелген. Жалпы, бүгінге таңда COVID-19-дың "қызыл" картасында Нұр-Сұлтаннан бөлек, Павлодар облысы бар. Алты өңір "сары"аймақта. Қалған облыстарда жағдай тұрақты.

А. Данияр