Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының қос тұрғыны улы газдан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2020
  • 2042

Түркістан облысында ағайынды екі азамат газға уланып, қайтыс болды. Жылысу ауылынының тұрғындары көгілдір отынды үнемдемек болса керек.

Түтін шығатын мұржасы бітелген үйде 62 және 50 жастағы ағалы-інілі азаматтар тұрған.  Олар үйінен шықпай қалған соң, көршілері алаңдай бастапты. Мән-жайды білмек боп, бас сұққан қоңсылары улы иістің барын бірден сезген. Есік-терезені ашып, үй ішін желдетуге кіріскен. Сол сәтте бөлме ішінде сұлқ жатқан үй қожайындарын көріп, бірден жедел-жәрдем қызметі мен төтенше жағдайлар мамандарын шақырқан. Алайда ағайындыларды құтқару мүмкін болмапты. Айта кетейін, аймақта жыл басынан бері газдан 5 адам ажал құшты.

А. Төребекқызы