«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына ат басын бұрды. Олар аграном, мұғалім, дәрігер сынды әр сала өкілдерінің және ерекше жандардың да мәселелерін тыңдады.
Партияның сайлауалды бағдарламасында әйелдердің құқығын қорғауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға басымдық берілген. Алдымен көпбалалы аналармен кездескен нұротандықтар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары көптеп ашылатынын жеткізді. Бұдан бөлек "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек атаулы көмек көрсету күшейтіліп, жыл сайын ЭКО жасауға 7 мың квота бөлуді көздеп отырғандарын жеткізді.
Жаңа жұмыс орындарын ашу кентаулықтармен кездесуде де жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, ауылдарды газдандыру, ауыз сумен қамту мәселелері көтерілді. Партия өңірлерде жаңадан 50 кәсіпорын құрып, 125 мың жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін 12 білім ошағын салуда жоспарда бар -деді республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін жаңа аурухана мен емхана құрылысын қолға алмақ. Бұдан бөлек, көпті толғандырған ұлттық мәдениетті дамыту тетіктері де сөз болды.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біз партия тарапынан біздің Елбасымыз осы бағдарламаны ұсынған біздің Президентіміз. Сондықтан оның артында Үкімет мүшелері, билік, бәріміз жұмылып шенеуніктерді мәжбүрлейміз. Оны орындау керек. Айтылған нәрсе жария түрде мемлекеттік қызметкерлер партия мүшесі болса, онда оны 100 пайыз орындау қажет.
Оразкүл АСАНҚЫЗЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Nur Otan» не істеп жатыр десеңіздер, «Мәдени мұра» деген бағдарламаны қабылдап, елбасы өзі қолына қалам алып, бабаларымыздан қалған ең құқнды мұра 100 томдық бабалар сөзін шығарды.
Ғ.Өтемісов