Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіздіктің 29 жылдығы қарсаңында жаңа нысандар ашылды

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2020
  • 2686

Қызылордада тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 80 отбасы қоныс тойын тойлады. Жақында тағы бірнеше үй тапсырылуы тиіс. 40-қа тарта көп қабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Мейрам қарсаңында тапсырылған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар туралы келесі бейнематериалда.

Сыр өңірінде биыл қоныс тойы көбейді. Жыл басынан бері 600-ге тарта отбасы жаңа пәтерге кірген. Жақында тағы 2000 адам баспаналы болуы тиіс. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сырдарияның сол жағалауынан 40 пәтерлі көп қабатты үй  пайдалануға берілді.

Дербестігіміздің 29 жылдығында сондай ақ бірнеше нысан тапсырылды. Соның бірі Нәліқожа Ергешбаевтың ескерткіші. Бюст, Тасбөгет кентіндегі №172 орта мектеп ауласына қойылған. Бүгін сондай ақ білім ордасы жанынан қоғамдық музей ашылды.

«Зерде» интелектуалды мектебі де бүгін өз есігін айқара ашты. 500 балаға арналған білім ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына арналған қосымша үйірмелер бар.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мектептер заманауи технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.  Ұстаздардың әлеуметтік жағынан қолдау және кәсіби біліктілігін арттыру шаралары да назардан тыс қалған емес. Балабақшалардың желісі жыл сайын артып келеді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында аймақта бірқатар азаматтардың мерейі үстем болды.  Ел дамуына үлес қосқандарға Президент жарлығымен ІІ дәрежелі «Барыс», «Құрмет» және «Еңбек даңқы» ордендері табыс етілді.

М. Тоқтасынқызы