Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауыл" партиясы шетелден келген қандастарға көмектеспек

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2020
  • 2373

Шетелден келген қандастардың азаматтық алуын жеңілдету. Бұл - "Ауыл" халықтық-демокартиялық патриоттық партиясының сайлауалды бағдарламасында айқын көрініс тапқан.

"Ауылдықтар" бүгін ел астанасындағы қолөнер шеберлерімен кездесті. Олардың арасында атамекенге қоныс аударған қандастарымыз аз емес. Партия өкілдері оларға бағдарламадағы "Қандасым-қамалым" деп аталатын тармақты жан-жақты түсіндірді. Шеттен келген қазақтарға қолдау, нақтырақ айтқанда баспанамен қамту, білім алуға жағдай жасауға ниетті.       

Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР:

90 пайыз шетелден келген қандастарымыз әлеуметтік көмекке мұқтаж. Мәселен, қандастарымызға мемлекет тарапынан жеңілдетілген кепілдіксіз несиелер беру қарастырылмаған. Кепілдікке қоятын мүліктері жоқ, мемлекеттің бір реттік жәрдем ақысы ол жеткіліксіз. Қоныс аударып келетін біздің шеберлеріміз, қандастарымыз өз еріктерімен өзінің қоныстанатын орындарын таңдау керек.

Сондай-ақ, атымыз затымызға сай деген партия өкілдері, ауылдағы қордаланған мәселелерді шешуге бар күш салмақ. Әсіресе сапалы жол, интернетпен қамтуды жоспарлап қойған. Ауылдағы жұмыссыздық проблемасын да шешпекші.    

Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР:

Сайлау кезінде тіріліп жатқан партия емеспіз. Мен өзім 5 жылдан бері осы партияда жұмыс істеп келе жатырмын. Сондықтан, біз мәжіліске өтіп жатсақ біз ауылдағы қордалы мәселелердің барлығын көтеріп, ауыл тұрғындарына жағдай жасаймыз деп ойлаймын. Өйткені ауылда да проблемалар жеткілікті. Соның барлығын қолға алатын, ауылды гүлдендіретін кез келді.


Айта кетсем, "Ауыл" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 19 үміткер ұсынылып отыр. Оның екеуі қандас. Ал, жергілікті мәслихаттарға 605 адам кандидат ретінде тіркелген.

А. Данияр