Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақжолдықтар ипотеканың пайыздық мөлшерін азайтуды көздейді

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2020
  • 2769

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Шымкентке барды. Олар медицина қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен, қала жастарымен кездесті.

Партияның республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары қауырт. Ақжолдықтар арасындағы ең жас үміткер Тұран Абжановтың пікірінше, елде әлеуметтік әділеттілікті орнату қажет. Ол пайдалы қазбасы көп мемлекетте кедейлік болмау керек дейді. Ақ жол демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасына бұл мәселені шешу жолдары енгізілгенін жеткізді.

Тұран АБЖАНОВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің мемлекетімізде кедей  отбасылар өте төмен болуы керек яғни жағдайы төмен отбасылар мүлдем болмауы керек. Неге, өйткені біздің осындай керемет мемлекетте өмір сүріп, керемет пайдалы қазбаларымызды біздің отбасы яғни жағдайы төмен отбасылар көп болғаны ол дұрыс емес деп мен санаймын. 29.12. Сол себепті біздің партиямыз үлес қосып, жұмыс жасауда.  

Сайлаушылар партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты түрлі сауалдарын жолдады. пікірлерін де ортаға салды. Солардың бірі – несие мәселесі. Ақжолдықтар ипотека рәсімдеу мен кәсіпкерлерге бөлінетін қаражаттың пайыздық мөлшерін төмендетуді көздеп отырғандарын атап өтті.

Әлімхан ДОШЫБАЙҰЛЫ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Біздің партиядан ұсынылып жатқан үміткерлер бағдарламадағы әр бағытты жіті түсіндіріп жатыр. Мұны халық та оң бағалап жатқанын атап өткен жөн. Әрине, партияның 18 жылдық тарихы бар. Сондықтан, осы уақыт аралығында тұрғындар тарапынан сенімге ие болды деп толық айта аламын. Биліктің, халықтың қандай мұң-мұқтажы бар, барлығын мейілінше шешуге тырысатын боламыз.


Айта кетейік, "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан 38 үміткер саяси додада бақ сынауда.   


Ғ. Өтемісов