Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мулан" фильмінің қазақ тілді нұсқасы көрсетілді

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2020
  • 4106

Голливуд блокбастерлерінің бірі "Мулан" фильмі қазақ тіліне аударылды. Оның премьерасы Алматыда өтті. «Disney» студиясы ұсынған жаңа кино, «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен қазақ тілінде дыбысталып отыр. Түсірілімнің басы-қасында болып, ауыр трюктерді орындаған қазақстандық «Номад» каскадерлер тобы болса түрлі халықаралық байқауларда топ жарды. Ал, жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов «Таурус» жүлдесімен марапатталды. Қазақ тілді нұсқада басты кейіпкер, ержүрек Муланды - Жәнел Мақажан дыбыстады. Ал, сиқыршы Сяньян болса Айгүл Иманбаеваның дауысымен сөйлейді. "Муланның" қазақ тілді нұсқасы елдің төрт қаласында көрсетілмек.

Динара ЖАЙЖҮНІСОВА,  «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
 
Фильм карантиндік ережелерге байланысты әзірге еліміздің 4 қаласынан көруге болады. Біздің қор 9 жыл ішінде 35 шетелдік фильмді қазақшаға дубляждады. Балалар анимациялық фильмдерді ана тілінде көре алатын болды.

Ә. Лесбек