Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында 100 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ - «Nur Otan»

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2020
  • 1568

Ал, партиялықтар өңірлерде халықпен кездесуін жалғастыруда. «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Атырау облысына барды.

Онда партиялықтар аймақтың экологиясын, жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады. Партия алдағы 5 жылда бұл аймақта кемінде 100 мың жұмыс орнын ашуға уәде берді. Сондай-ақ, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арнап шамамен 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Өңір тұрғындары үшін маңызды мәселеге айналған экологияны да айналып өтпеді. Ауаны ластауды 12 пайызға төмендету керек деді. Ол үшін бірқатар ірі өнеркәсіп орындарын жаңғырту міндетін қойып отыр. Жергілікті халық партияға сенім білдіретіндерін жеткізді.

Бұдан соң сайлауалды штаб мүшелері қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен кездесті. Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және оларды қоғамға мейлінше араластыру жұмыстарын  жалғастыратындарын жеткізді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Елбасы саясатының арқасында осы жылдар ішінде көп жұмыстар атқарылды. 1250 әртүрлі зауыт салынған. Нақты Атырауға келетін болсақ, 103 мың тұрақты жұмыс орны ашылады атыраулықтар үшін. Бұл бір. Екінші 10 жаңа мектеп салынады, осы 5 жыл ішінде 10 медициналық нысан, 56 бала бақша салынады. 7 мың отбасы әлеуметтік мұқтаж жағдайындағы пәтерге ие болады.  


Ғ.Өтемісов