Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2020
  • 2765

Қазақстан халық партиясы да үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, бүгін олар  «Сайлауды бейпартиялық байқау орталығына» келіп, өздерінің бағдарламаларын таныстырды.

Партиялар тек сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана емес, доданың әділдігін бақылайтын байқаушыларды дайындаумен де әлек. Бүгін Қазақстан халық партиясы «Сайлауды бейпартиялық байқау орталығына» келіп, саяси доданы бақылау мәселесін талқылады. Республика бойынша 10 мыңға жуық дауыс беру учаскесі болса, партия барлығына өз бақылаушыларын қоюды көздеп отыр. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық бақылаушысын дайындап үлгерді.  

Нұрболат ТӨРЕҚОЖИН, ҚХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ НҰСҚАУШЫСЫ:

Бақылаушылар, бейбақылаушылармен де бірігіп тағы да жұмыс атқарамыз деген ойдамыз. Қазіргі таңда 45% дайын, ал сайлауға дейін 100 пайызға дейін жеткіземіз деп ойлаймыз.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан халық партиясы «Шапағат» халықтық жобасы сайлаушылармен кездесу өткізді. Партияға алғыс айта келген аналар дастархан жайды. Олар қиын кезеңде қол ұшын созған партия жақтастарына, саяси дода кезінде қолдайтындарын жеткізді.

Нұрдәулет ОРАЗХАНОВ, ҚХП НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Партияның аясында құрылған «Шапағат» қоры бар. Ол қордың жұмыс істеп жатқанына 6 жыл болды. Сол қордың аналары біздің штабқа келіп, алғысын білдіріп жатыр. Бізді қолдайтынын айтып, жеңіске жетеді деп үміттеніп, сенім білдіріп отыр.

Ә. Өмірзақ