Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ дамымаған елдерге пластик тауарларын сатуға тиым салды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2020
  • 1926

Еуропа пластик қалдықтарын дамымаған елдерге экспортқа шығармайды. Мұны, Еуроодақ Комиссары Виргиниюс Синкявичюс айтып отыр. Келер жылы қаңтардың 1-нен бастап Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымына мүше 37 мемлекет пластик бұйымдарын өз ара ғана пайдаланады. Яғни пластмасса, өндірісі дамымаған елдерге бұдан былай сатылмайды. Ондағы мақсат жер жаһанның ластануын тоқтату. Шірімейтін қалдықтар, қоршаған ортаға расымен қауіп төнідер бастады. Ал, Әлемді пластикпен ластау жағынан Coca-Cola, PepsiCo және Nestlе компаниялары көш бастап тұрған көрінеді. Break Free From Plastic еріктілері осындай тоқтамға келіп отыр. 15 мың волонтер әлемнің 55 мемлекетін аралап, арнайы зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде шашылып жатқан қалдықтардың дені пластик екені анықталды. Олардың ішінде ең көп қалдық әлгі үш корпорацияға тиесілі көрінеді. Мысалға, Coca-Cola құтылары 55 елдің 51-інде жиі кездесіпті. PepsiCo ыдысы мен Nestlе орамалары да аз емес. Экологтардың болжамына қарағанда 2030 жылы әлемде күл-қоқыс екі есеге,ал 2050 жылы үш есеге көбейетін көрінеді. Пластиктен төнген қауіп туралы мамандар бұрыннан айтып жүр. Оған құлақ асатын компания, әзірге аз. АҚШ-тағы кәсіпорындардың бірі, жақында ауыз суды пластик емес алюминий қалбырға құйып сатуды қолға алды.

Д. Мұхаммедкәрім