Ел ішінде Назарбаев Университетінің үлгісімен, 2 озық жоғары оқу орны ашылады. «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшелері, Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Нұротандықтар кездесу барысында білім саласындағы мәселелерді, жиналғандармен жан-жақты талқылады. 2025 жылға қарай апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі. Ол үшін 800-ге жуық жаңа білім нысанын салу жоспарда бар. Сондай-ақ шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы мектептер де жаңартылмақ.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біздің қатарымызда өздеріңіз білетіндей 30 пайызға жуық мұғалімдер бар. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, мына соңғы жылдары, ол кісінің тапсырмасы бойынша фракция қолдауымен ұстаз мәртебесі туралы заң қабылданды. Біздің сайлауалды бағдарламада айтып жатырмыз келесі 5 жыл ішінде ұстаздар жалақысы екі есеге өседі. Қазақстан бойынша 800 мектеп салынса, соның басым көпшілігі қазақ мектептері.
Штаб мүшелері өңірдегі трансформатор зауытында болып, ұжымға сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қозғады. "Нұр Отан" партиясы 5 жыл ішінде облыста ауыз судың да проблемасын шешіп, жол салмақ. Газ тарифін төмендетуді жоспарлап қойған. Енді өңірден тағы 11 мектеп салынады, қосымша. Біз гранттардың санын 50 пайызға ұл
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Партия тарапынан қазір осы мәселені сайлауалды бағдарламаға қостық. 5 жыл ішінде 800 шақырым жол салынады. 50 денсаулық сақтау мекемесі жөндеуден өтеді. 1 аурухана және 2 емхана құрылысын жасауға ықпал етеміз. Мұқтаж жандарға 8 мың пәтер тапсырылатын болады.
Ғ.Өтемісов