Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелге шикізат емес, дайын өнімді экспорттау қажет - "Ақ жол" партиясы

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2020
  • 1454

Шетелге шикізаттан гөрі, дайын өнімді экспорттауға күш жұмсау қажет. "Ақ жол" демокртиялық партиясының үгіт-насихат тобы Алматы облысының сайлаушыларымен осы мәселені талқылады.

Партияның үгіт-насихат тобы Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытының ұжымымен кездесті. Кәсіпорын тапсырыс көлемінің үлкендігіне байланысты демалыссыз жұмыс істеп, көлемін тұрақты өсіріп келеді. Ағымдағы жылы өндіріс көлемі 2,6 млн-ға жеткен. Мұндағы өнім тек отандық нарықты ғана емес, шекарадан тыс елдерде де сұранысқа ие. Кәсіпорында 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді, басым бөлігі жастар. Табыс пен тапсырыстың жоғары болуына қарамай, күрмеулі мәселелер де жоқ емес. Жұмысшылар төтенше жағдай кезінде екі ай бойы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болыпты. Енді олар кәсіпорынның болашағына алаңдаулы. Ұсыныстар мен өтінімдерді тыңдаған ақжолдықтар зауыттың дамуына барынша қолдау көрсету керек деп отыр.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің жерден алған табиғи металдарымызды шетелге сатып жатыр. Ал өзіміздің өндірушілермізге дайын аккумулятор шығару үшін бағалар Лондондағы сияқты бағаларды қойғысы келеді. Ол дұрыс емес, бұл металдарды қайта өндіріп, бірталай жұмыс беріп отыр. Ол деген кредиттік салық, ол деген адамдарға айлықтар ғой.

Кездесу кезінде жергілік халық - қолжетімді баспана, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатқа иелік ету, тұтынушылық несиелер бойынша тонау мәселелерін көтерді.  Партиялықтар аталған ұсыныстарды ескермек.  

Ғ.Өтемісов