Русский Сайттың толық нұсқасы

"ADAL" партиясы өкілдері Ақтөбе облысы халқымен кездесті

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2020
  • 2254

Ақтөбе облысында үгіт-насихат жұмысын жалғастырған "ADAL-дықтар" тағы да біршама аудан тұрғындарының мәселесін тыңдап қайтты. Көтерілген проблемалар шаш етектен.  

Сала мамандары, жұмысының ауырлығына байланысты 53 жастан кейін зейнетке шығу жасын өзі таңдауы керек. "ADAL" партиясының сайлауалды бағдарламасында да бұл бағыт ерекше назарға алыныпты. Бүгін Ақтөбе облысының Қандыағаш, Хромтау қаласында болған партиялықтар осыны сөз етті. Сондай-ақ тұрғындар өңірде шикізат өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу жүйесіне көңілі толмайтындарын айтты.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Расымен, ауыр жұмыстарды осындай цехтарда жұмыс істейтін, металлургияда, шахтерлер бар, медбикелер бар. Біз таңдау беруіміз керек. Біреулер шынымен, энергиясы мықты жұмыс істей бергісі келетін шығар 63 жасқа дейін. Бірақ 53-тен кейін таңдау еркін беру керек. Зейнетке шыққыса келеді ме, шықсын?! Жоқ, мен әрі қарай жұмыс істей беремін десе онда тағы өз еркі.

Хромтау халқы ауыз судың мәселесі әлі де өткір тұрғандығын партиялықтарға жеткізді. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатыр деді. Адал партиясы өкілі Лаура Маликова, аталған проблеманы шешу жолдарын қарастыруға уәде берді. Бұдан бөлек, тұрғындарды интернеттің жайы да мазалап жүр.

Лаура МАЛИКОВА, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кездесу барысында халықтан кредиттің жоғары пайызына қатысты, сосын мүгедекті алуға қатысты. Көп балалы аналардың мәселесі және осы қаладағы көшелерді газдандыру және сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Осы сұрақтарға халықтың жауап бердік.

Айта кетсем, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылып отыр. Жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркелген. Үгіт-насихат жұмысы басталғалы өңірлерде 2371 кездесулер өтіп, оған 36469 адам қатысты, партияға кіру туралы 20494 өтініш түсті.

А. Данияр