Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус жұқтырған 243 адамның жағдайы нашар, ДСМ

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2020
  • 1946

Қазақстан коронавирустың қауіптілгі бойынша "сары аймаққа" енді. Денсаулық сақтау министрлігі осындай ақпарат таратты. Елде пандемия басталғалы COVID-19-ға 150 мыңнан астам адам шалдыққан. Өкінішке орай, 2230 науқас індет құрбаны болды. Кеселмен қатарласа тараған пневмонияның жайы дәрігерлерді алаңдатып отыр. Өкпе қабынуымен сырқаттанған адамдардың статистикасы әлі де реттелер емес.  

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Бүгінгі күні COVID-19-ға шалдыққан 11 мыңнан астам адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Жалпы науқастардың ішінде 243 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 пациенттің өмірі қыл үстінде. 39 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.


Әлемде де эпидемиологиялық ахуалдың оңалар түрі жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, өткен тәулікте 390 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеліпті. Осылайша жалпы сырқаттанушыларды саны 80 миллионға жетті. 1 млн 700 мың адам кеселден көз жұмды.

А. Данияр