Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қоғамдық көлік зейнеткерді қағып кетті

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2020
  • 1631

Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі 80 жастағы әжейді қағып кетті. Ауыр жарақат алған зейнеткер оқиға орнында жан тапсырды. Қайғылы оқиға қаладағы Назарбаев даңғылынының бойында болған. Полицияның алдын-ала болжамына жүгінсек жол –көлік апатына қарт кісі кінәлі. Зейнеткер жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өткен көрінеді. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі медициналық тексерістен өтіп жатыр. Қан талдауының нәтижесі оның ішімдік ішкенін немесе ішпегенін анықтайды.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

56 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісінен қан талдауы алынып, сараптамаға жіберілді. Белгілі болғандай 80 жастағы зейнеткер белгіленбеген жол бөлігін кесіп өткен. Қазіргі таңда аталған жол –көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


З. Санай