Русский Сайттың толық нұсқасы

"ADAL" партиясы Еуропалық кеңес мүшелерімен онлайн кездесу өткізді

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2020
  • 1808

"ADAL" партиясы онлайн режимде Еуропалық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Олар халықаралық ұйымдарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, үгіт-насихат науқаны туралы айтып берді.

Халықаралық ұйымдармен ашық қарым-қатыстамыз деген, "ADAL-дықтар" бүгін шетелдіктерді саяси науқан кезіндегі жұмыстарымен таныстырды. Сонымен бірге, әлемді әбігерге салған пандемия уақытында үгіт-насихаттың қалай жүргізілетінін түсіндірді. Партия жақтастары алдағы үш күндік сапарды Оралға жоспарланған. Бірақ, өңірде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты науқан уақытша тоқтатылыпты. "ADAL" партиясының үміткерлері Қазақстанның 14 аймағында сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, халықтың проблемасын тыңдап шыққан.

Бауыржан ОРАЗҒАЛИЕВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңда біздің қатарымыз көбейді. Біздің мүшелер саны 1 жарым ай бұрын 57 мың болатын болса, қазіргі таңда 110 мың адамның айналасында. Бір Және де біз өңірлік, аудандық, қалалық деңгейлерде кездесулер өткіземіз. Бүгін 28 желтоқсан күні біз 300-ге тарта кездесу өткізіп жатырмыз еліміз бойынша. Жалпы, сайлау науқаны басталғаннан кейін, 3600-ден астам кездесу өткіздік.


Айта кетсем, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркелген. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында негізгі 5 бағытты ұстанып отыр. Партия елдің шалғай ауылдардағы тұрғындарды жұмыспен қамтуды мақсат етеді. Тіпті бизнес бастауға ниеттілерді қолдамақ. Ауыл шаруашылығын кеңінен дамтуды да жоспарлап қойған. Атап айтар болсақ: білім беру саласын жандандырып, елдің әл ауқатын арттыруды көздейді. Сонымен қатар, бюджет қызметкерлерінің жалақысын 200 мың теңгеге жеткізбекші.

А. Данияр