Русский Сайттың толық нұсқасы

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2020
  • 1861

Қауіпсіздік кеңестің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, бүгін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Министр елдегі қарулы күштердің 2020 жылы атқарған жауынгерлік нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ, жедел дайындық шараларын жетілдіру тетіктерімен таныстырды. Бұдан бөлек, әскери медицинаның дамуына тоқталды. Тіпті COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларда, Қарулы күштердің сіңірген еңбегін жеткізді. Кездесу соңында Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қорғаныс министіріне бірқатар тапсырма жүктеді.

Ғ.Өтемісов