Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлау бақылаушылары ПТР сынамасын тапсыруы шарт, - ҚР ДСМ

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2020
  • 1521

Қазақстанда коронавирус жұқытрғандар саны көбейді. Өткен тәулікте індеттің ілмегіне тағы 700-ден астам адам ілінді. Денсаулық сақтау министрігілігінің мәліметінше, кеселдің қаупі жоғары аймақтар анықталып, қызыл аймақ өтті. Олар Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары. Дегенмен жауапты министрлік републикада эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп баға берді. Алайда балалар арасында COVID-19-ды жұқтыру дерегі азаймай отырғанына алаңдаулы.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 3 658 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын 994 баладан анықталып отыр. Бұл офлайн режимде білім алушылардың жалпы санының 0,1%-ын құрады. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Онлайн брифинг өткізген Денсаулық сақтау министрлігі саяси науқан кезінде сақталуы керек талаптармен таныстырды. Ұйымдастырушылар, сайлаушылар мен сайлау учаскелерінде болатын бақылаушыларға бірқатар міндет жүктеліп отыр. Барлық бөлімшелерде арақашықтықты сақтауға арналған белгілер, антисептиктер мен қорғаныш құралдары болуы шарт. Сонымен бірге, коронавирустың қызыл және сары аймағына баратын бақылаушылар ПТР сынамасын тапсыру міндеттелген.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Жалпы олар 5-8 қаңтар аралығында тестілеуден өту керек. Ол үшін, менің әріптесім айтқандай, біздің сақтандыру әлеуметтік қорында тіркелген азаматтарға тегін көрсетіледі.


А. Данияр