Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда электрмен қамту сапасы жақсарды

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2020
  • 2882

Түркістанда ендігі жерде электр энергиясынан тапшылық болмайды. Бұл «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің жуырда қолданысқа берген су жаңа электр стансасының нәтижесінде қол жеткен мүмкіндік. Бұдан бөлек энергетиктер биыл мыңдаған шақырым желілерді де жаңартты. Рухани астананың жарық берудегі жаңалығын әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатады.

Түркістанда электр энергиясына сұраныс артқан. Тіпті шаһарда тапшылық та сезілген.  Екі жыл бұрын небәрі 25 Мегаватт қуат алып отырған көне қала - «Яссы» деп аталатын жаңа стансаны қосу арқылы жарықты екі еселеді. Қазіргі қуаттың күштілігі тәулігіне 55 Мегаватқа жетіп тұр.
 
Исабек СӘМЕНОВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС КЕНТАУ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ:

Эксплуатация біз енді 2019 жылы наурыз айынан бастадық біз оны. 2020 жылы мамыр айында іске қосылды. Бұның жоғары жағында тұрған элегазовый ключатель дейміз , элегазды. ол енді россиядан келген. Қазір біздің Қазақстанда оны әлі игере алмадық. Одан кейін шыққан уже трансформаторлар бар, ячейкалар бар, вакуумный ключатель дейміз, оның бәрі біздің өзіміздің Қазақстанның тауарлары.  

«Оңтүстiк Жарық Транзит» компаниясы жаңа стансаның құрылысына соңғы технологияларды қолданған. Мұнда  қуаты – 40 мың киловольт амперді құрайтын 2 алып трансформатор орнатылған. Қазір осы қондырғылардан Түркістанның жаңа әкімшілік іскерлік орталығы мен халықаралық әуежайы жарықпен қамтылған. Жауаптылар шаһарда электр жарығынан қиындық болмайтынына сенімді.

Исабек СӘМЕНОВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС КЕНТАУ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мына подстансаның өзі мысалы 110 киловольт жағы екі кабельмен келеді. Бұдан шығатын кабельдердің бәрі де жер астымен кеткен барлықтарының бәрі. Әкімшілік орталық дейміз осы жерде салынып жатқан бүкіл нысандардың бәрі осы подстансадан алынады болашақта. Тұрақты әрі қауіпсіз электр энергияны береміз халыққа.


Облыс орталығының ескі қалашық жағында да жарықтан мәселе жоқ. Өйткені бірнеше трасформатор мен 2 мыңнан астам бағананы алмастырып, желілерді толықтай жаңартыпты.

Ерлан МЕЛДЕБЕКОВ, «ОҢТҮСТІК  ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі инвестициялық аясында көптеген жұмыстар жүргізуде. Бізде осы жылы 35 жоғары кернеулі әуе желілерінде 5 км линияда бағаналар мен сымдары толығымен ауыстырылып, жаңартылды. 10 кВТ әуе желіде 6,5 км толығымен бағаналары мен сымдары жаңартылды.

Түрленген Түркістанды сапалы қуат көзімен қамтамасыз етуде аталған мекеме тағы бірқатар жобаларды негізге алып отыр. Басты мақсаттары облыс орталығына үздіксіз жарық беру.

А. Төребекқызы