Русский Сайттың толық нұсқасы

"ADAL" партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2020
  • 2976

Алматыда "ADAL" партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен онлайн кездесу өткізді. Олардың мәселелерін тындап, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

"ADAL" партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемаларына назар аударды. Оларға арналған оқулықтардың аздығы мен мұғалімдердің тапшылығына тоқталды. Партия мүшесі Ақмарал Бекмырзаева жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасына тілге тиек етті. Ал оның орындалу барысына жан-жақты талдау жасады.

Ақмарал БЕКМЫРЗАЕВА, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Үгіт-нәсихат кезінде еліміздің барлық аймағында кездесулер өткізуге тырысамыз. Жиын кезінде өңір тұрғындарының 70 пайызы осы мүмкіндігі шектеулі балалар жайында сөз қозғайды. Олар әсіресе балалармен жұмыс жасайтын маманның жоқтығына шағымданады.

Жиында көтерілген әрбір мәселені, "адалдықтар" назарға алуға уәде етті. Мұнан соң, сайлауалды бағдарламаларының тиімділігін сөз етті. Жақтастар қатарын толықтыруды да көздейтіндерін айтты. Үгіт-насихат жұмыстарына қызу кіріскен партия өкілдері ел аумағындағы 14 облыста болған. Арнайы кездесулер өткізіп, халықтың проблемасын тыңдапты. Бұқараны коммуналдық қызметтер, жұмыссыздық, қашықтан оқуда туындаған қиындықтар көбірек мазалайды екен.

Олжас ОРДАБАЕВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жастармен кездесу кезінде біраз мәселерді талқыладық. Олар көбіне университеттерде білім сапасын арттыру, білім беруді тегін ету сынды өтініш-тілектерін айтты. Әрі жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту туралы да қызығушылық танытты.  

Айта кетсем, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркелген. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында негізгі 5 бағытты ұстанып отыр. Саяси ұйымның басты мақсаттарының қатарында елдің шалғай ауылдардағы тұрғындарды жұмыспен қамтып, бизнес бастауға ниеттілерді қолдау бар.

А.Данияр