Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында 120 мыңнан астам пәтер салынбақ - «Nur Otan» партиясы

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2020
  • 1695

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы, өңірлерде тұрғындармен кездесуді жалғастыруда. Бүгін партия өкілдері Алматы облысына барды.

Саяси ұйым мүшелері, аймаққа сапарын «Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорыннан бастады. Ұжыммен кездесіп, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары талқыланды. «Nur Otan» алдағы 5 жылда өңірде 130 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды, үш ауысымды мектеп мәселесін шешуді көздейді. 120 мыңнан астам пәтер салуды да жоспарлап отыр. Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек, шалғайдағы ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтуға ниетті екендерін жеткізді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Елбасы, біздің «Nur Otan» партиясының Төрағасы көп жағдай жасады, көп мәселе шешілді. Инфроқұрылым мәселесі дұрысталып келе жатыр. Біріншіден нақты жоспарларымыз бар, екіншіден жаңа қатарымызда адамдар бар. Үшіншіден халықпен тығыз, етене жұмыс істеп, біз халықтың мұқтажын біліп соның бәрін шешіп жатырмыз.

Алматы облысына сапары барысында Бауыржан Байбек, бірқатар азаматтарды қабылдады. Кездесуде тұрғындар медицина, жалдамалы пәтер санын арттыру және электрмен жабдықтау мәселелерін көтерді.

Жаңадан бой көтерген үйлер бар, жаңа көшелер бар. Келешекте соны электр сымымен, столбтарды бастапқы сымдармен тартылып қойылса дұрыс болар еді деген сұранысым бар.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Екі жыл бұрын Елбасы «Ауыл – ел бесігі» деген бағдарламаны ұсынды. Сол бағдарлама арқылы шын мәнінде ауылдық жерлерде инвестиция құйып, жалпы инфроқұрылымдық мәселелер шешіліп жатыр. Сондықтан жалпы біздің сайлауалды бағдарламамызға енгізілді. Келер жылдың соңына дейін электр жүйесі тұрақты болады.  


Ғ. Өтемісов