Русский Сайттың толық нұсқасы

Өңірлерде бюджет қаражатын дұрыс бөлу қажет - "ADAL" партиясы

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2021
  • 2213

"ADAL" партиясы үгіт-насихат жұмыстарын аяқтауға жақын. Науқан басталғалы адалдықтар 4 мыңнан астам кездесу өткізіп, 90 мыңға жуық сайлаушының ұсыныстарын талқылаған.

Халық тарапынан көтерілген әрбір мәселені, "адалдықтар" назарға алуға уәде етті. Мұнан соң, сайлауалды бағдарламаларының тиімді тұстарына айрықша көңіл бөлді. Үгіт-насихат жұмыстарына қызу кіріскен партия өкілдері ел аумағындағы 14 облыста болған. Арнайы кездесулер өткізіп, халықтың проблемасын тыңдапты. Бұқараны коммуналдық қызметтер, жұмыссыздық, қашықтан оқуда туындаған қиындықтар мазалайтынын атап өтті.

Бауыржан ОРАЗҒАЛИЕВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің бағдарламаға келетін болсақ, бағдарламаны жақсы қабылдап жатыр. Жергілікті органдардың жалпы халықтың ойын арттыру бойынша, өңірлерді дамыту бойынша, халыққа арналған мемлекеттік ұстанымдар, одан бөлек білім беру саласын дамыту, әлеуметтік сала, жалақыны арттыру, микрокредиттік ұсыныстарымыз қызу қолдау табуда.

Айта кетейік, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 кандидатын тіркеген. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында негізгі 5 бағытты ұстанып отыр. Елдің шалғай ауылдардағы тұрғындарды жұмыспен қамтуды мақсат етеді. Тіпті бизнес бастауға ниеттілерді қолдамақ. Ауыл шаруашылығын кеңінен дамтуды да жоспарлап қойған.

Ғ.Өтемісов