Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Халық партиясының мүшелері Ақтөбелік мұғалімдермен кездесті

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2021
  • 2360

Бүгін Қазақстан Халық партиясының мүшелері Ақтөбелік мұғалімдермен кездесті.  Бұл саладағы өзекті мәселелерді талқылап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  

Ақтөбеге келген Қазақстан Халық партиясының мүшелері мұғалімдер қауымын мазалаған мәселелерді талқылады. Соның бірі – баспана проблемасы. Мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсартып, заңнамалық тұрғыда қорғау керек, дейді партия белсенділері. Үймен қамтамасыз ету және жалақысын көбейту. Оның тетіктері, партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.

Азамат БАЙТАСОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Ұстаздарға көп жағдай жасалу керек. Үй мәселесі, жер мәселесі сонымен қатар жалақы мәселесі. Көтеру керек. Біздің ойымызша ұстаздардың жалақысы 200 мың теңгеден төмен болмау керек.


Партия жастар мәселесін де сөз етті. Басты бағыттарының бірі  жас отбасыларға қолжетімді тұрғын үй алуға мүмкіндікті кеңейту, тегін білім беру және әр отбасын жер телімімен қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, Қазақстан халық партиясы зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету керек, деген бастама көтеруде.

Ирина СМИРНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тек сауатты ұлттың ғана болашағы жарқын болады. Орта білім біздің елімізде заң бойынша тегін. Енді біздің елімізде арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында білім алу өз азаматтары үшін тегін болу керек. Осылайша білімді ұрпақтың саны артады. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің ілгері жылжуына септігін тигізеді.

Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясының 130 мыңнан астам мүшесі бар. Мәжіліске кандидат ретінде 113 үміткерді ұсынып отыр.

Ә. Өмірзақ