Русский Сайттың толық нұсқасы

Ең төменгі жалақы мөлшерін 70 мыңға дейін көтеру қажет - "Ақ жол" партиясы

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2021
  • 2325

«Ақжол» демократиялық партиясы халықтың еңбекақысын көтеру мақсатында кәсіпкерлерді салықтан босату керек деген, мәселе көтерді. Бұл туралы партиялықтар Павлодар қаласында өткен кездесуінде айтылды.

Шаһардағы «Жаңа Роса» серіктестігі жұмысшыларымен жүздескен ақжолдықтар кәсіпорын қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерге жеңілдік жасап, несие үстемесін азайтуды ұсынбақ. Әсіресе, жер өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерді, ауылда өз бизнесін ашқан кәсіп иелерін салықтан босату керек - деп санайды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық саласын субсидиялауды күшейту керектігіне де тоқталды.

Ринат АҚАНОВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші кезекте шағын және орта бизнес мәселесін шешу керек. Өйткені, пандемия кезінде осы сала жапа шекті. Көп адамдар жұмыссыз қалды. Сондықтан, шағын және орта бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күші деп қарап, осыған басымдық беру керек.  

Партиялықтар жалақы мәселесіне де бей-жай қарамайды. Қымбатшылық кезінде ең төменгі жалақының 40 мың теңге болуы өте аз, дейді ақжолдықтар. Партия ол межені 70 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынып отыр. Сонымен қатар жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ипотека шарттарын жеңілдетіп, пайыздық үстемақыларын азайту жайын да сөз қылды. Бұл орайда жас отбасыларға жатақхана үлгісіндегі үйлер салу мәселесін жоғарыға жеткізбек.   

Фуат САТЫБАЕВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз Қазақстан көп шикізат өңдейміз. Бірақ, шикізаттың пайдасын көре алмай жүрміз. Бұл мәселені осыдан 100 жыл бұрын Алаш арыстары көтеріп кеткен. «Қазақ даласындағы әр тас қазақтың кеудесіне түйме болып тағылу керек. Әр уыс жіп қазақтың иығына тоқыма болып жабылу керек» - деген. Сол ұстанымды ұстап, Алаштың идеясын әрі қарай дамытпақпыз.

Ғ.Өтемісов