Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаева колониядан босап шықты. Сот шешіміне сәйкес Толыбаеваның өтелмеген жазасы - бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл ақпаратты Іле аудандық соты растап отыр. Еске сала кетейін. Жанар Толыбаева 2019 жылдың қаңтар айында сотталған. Оған, "Жасалған қылмыс туралы ақпаратты құзырлы органдарға жеткізбеді", деген айып тағылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол, 19-шы жылдың наурыз айында Жанар Толыбаева колонияда босанып нәрестелі болды.
Салтанат ЖҰМАНӘЛІҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сотталушы Жанар Толыбаева былтыр қаңтарда жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш берген. Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді.
Ә. Лесбек