Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» партиясы ауылдағы экологиялық ахуалды жақсартпақ

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2021
  • 2390

«Ауыл» партиясы шаруашылықты дамытып қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартуға атсалыспақ. Бұл туралы партияның үгіт-насихат тобы Ақмола облысын аралау кезінде айтты.

«Ауылдықтар» бүгін үгіт-насихат жұмыстарын Ақмола облысында жалғастырды. Бұл жолы олар мал шаруашылығы кооперативінің ұжымымен кездесіп, өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Кандидаттардың дерегінше, соңғы 10 жылда елімізде шамамен 2700 дәл осындай кооператив құрылған. Алайда, оның тек 0,1% - ы ғана тұрақты жұмыс істейді. Олардың пайымынша, саланың тоқырап қалуы жергілікті атқарушы органдардың дұрыс ақпараттандырмауынан болып отыр. Шаруалар кооператив құру кезінде инвестициялық қолдауға ие болудың орнына, несие алып, қарызға батып жатыр, дейді "ауылдықтар". Сондықтан партия мал шаруашылығын дамытуға арналған арнайы жоба әзірлеп жатыр.

Жаңа жоба ауылдық аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға да оң әсерін тигізеді. Партия төрағасы  Әли Бектаев сондай-ақ, елді-мекендегі шаруашылықтың әрі қарай дамуы үшін сүт фермасы құрылатындығын жеткізді. Бұл кооперативті өндіріске ауыстыруға мүмкіндік береді. Ферманың табысын арттырады.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, КООПЕРАТИВ БАСШЫСЫ:

Кооператив сізге кепілдік береді. Осы көктемнен бастап, күзге дейін бағып беруге, сонымен қатар бұқашықтарыңыздың бәрін бордақылап беруге, оны сатуға көмектесуге кепілдік береді. Сондықтан да, сіздің үй деңгейінде баққаныңыз, шығыныңыз екі есе көп.

Әли БЕКТАЕВ, "АУЫЛ" ХДП ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫ:

"Бала" капиталын енгізуді ұсынып отырмыз. Бала өмірге келгеннен кейін өзінің нәсібін мемлекет бөліп беріп отыруы керек. Бала сонда ешкімге жалтақтамай, қашан маған көмек береді деп жалтақтап өспейді.

Айта кетейік, үгіт-насихат науқаны кезінде «ауылдықтар» елдің түкпір-түкпірінде 1000-нан астам іс-шара өткізді. Сондай-ақ, «Ауылдан ауылға» акциясы аясында депутаттыққа кандидаттар 2145 ауылды аралады.

А. Мүтәлі