Русский Сайттың толық нұсқасы

"ADAL" партиясы елордалық жас кәсіпкерлермен кездесті

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2021
  • 2533

"ADAL" партиясы елордалық жас кәсіпкерлермен кездесті. Жиын барысында партиялықтар көтерілген әр проблеманы тыңдап оның шешу жолдарын қарастырды.

Кәсіпкерлік - дамыған мемлекеттің іргетасы. Бұл "ADAL" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ең маңызды бағыттарының бірі. Саяси ұйымның басты мақсатының бірі осы бизнес иелерін қолдау. Елордалық жас кәсіпкерлермен кездесуде қордаланып қалған мәселелер көтерілді. Партия мүшесі, Алина Асқарованың айтуынша, Елде 2025 жылға дейін салық өсіруге мораторий жариялануы керек. Сондай-ақ адалдықтар кәсіпкерлікті жаппай дамытуға басымдық бермек. Партияның мақсаты: Шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау.

Алина АСҚАРОВА, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі күні кәсіпкерлер салық бойынша үлкен қиындыққа тап болып отыр. Сәйкесінше, микро және шағын бизнес үшін міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті медициналық сақтандыру төлемдері ерікті болуы керек деп ойлаймыз. Сондай-ақ, салықты көтеруге 2025 жылға дейін мораторий жариялау қажет. Қолға алынса соның арқасында 4 млн адам жұмыспен қамтылады. Шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін декларация тапсыру және салық төлеу оңай болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы цифрлық сервис құрған жөн.

Партия тарапынан Мәжіліске түсетін үміткермен кездесуде сұрақ аз болмады. Бизнес өкілдерінің нақты ұсыныстары да бар. "ADAL-дықтар" болса, көтерілген проблемалар назардан тыс қалмайтынын айтып отыр. Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін банкроттық институтын енгізуді де қолға алымыз, деді. Үгіт-насихат жұмыстарын жер-жерді жүргізіп жатқан "ADAL" партиясының мүшелері де күннен күнге көбейіп келеді. Бастапқыда 53 мың адам болса, қазір оның саны 300 мыңнан асқан. "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркеліп отыр.

А. Данияр