Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда «Болашаққа сенімді қадаммен» атты жастар форумы өтті

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2017
  • 3149

«Болашаққа сенімді қадаммен». Таразда осындай атаумен жастар форумы өтті. Шараны «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері ұйымдастырды. Форум қонақтары өз өмірлерінде кездескен қиындықтар мен қуаныштарын студент жастарға әңгімелеп берді.

Жетістікке жету жолдарымен бөліскендер қатарында бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл, аймақтағы ең жас депутат Серікбол Берікқожа, жас мемлекеттік қызметкер байқауының жеңімпазы Мұстафа Ғаниұлы да бар.

Жасотандықтар осындай мақтаулы жастарды үлгі ететін форум аясында Елордаға аттанатын үміткерлерді анықтамақ. Яғни алдағы қараша айында Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі өтпек. Президенттің  қатысуымен өтетін жиынға Жамбыл өңірінің де белсенді жастары қатысады деп жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар өнерлі де өрелі азаматтарды жастар саясатына үн қосуға шақырды. 

Серікбол Берікқожа, Тараз қалалық мәслихаты депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Адамның еңбегі, жететін жетістікке деген сенімі, өзінің арманы екені екендігі атап өтіп отырмын. Қаражат деген мәселе өмірде екінші позицияда қалуы керек. Адам, біріншіден, өзінің рухани дүниесіне, екіншіден, өзінің тұлға ретінде қалыптасуына жұмыс істеу керек. Үшінші, ол өзінің қаражат табу мәселесіне жұмыс істеу керек.