Шымкентте жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, 36 жастағы келіншектің 23 пайыз денесін күйік шалыпты. Жарылыстың күштілігі сол 5 жыл бұрын ғана салынған үйдің бір жақ қабырғасы опырылып түсіпті. Үй иесінің айтуынша, 50 литрлік газ баллоны түнгі 3:30 шамасында жарылған. Қатты дауыстан әуелі әйелі шошып ояныпты.
Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҮЙ ИЕСІ:
Артынан жүгіріп келсем уже газ есіктің астынан газ кіріп жатыр екенда, уже үйге аз жиналып жатыр. –иіс па?- иіс те, уже көрініп тұр бу құсап, тұман құсап кіріп жатыр ғой. Қасыма келіншегім келді. Сол кезде уже екінші рет жарылды от. Лақтырып жіберді келіншегім екеумізді.
Үй ішінде балалар болған. Қайта абырой болғанда алты бала дін аман. От ағасы балаларды терезеден шығарып алғанын айтады. Ал, жарылыстан қатты зақымданған үй тұруға жарамсыз. Қыстың ортасында баспанасыз қалған отбасына әкімдік қол ұшын созатын болды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары болса, газ баллонының жарылуына қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін.
Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Жалпы жарылыстың себебі : тұрмыстық газ құрылғыларының, газ баллонын дұрыс пайдаланба. Техника қауіпсіздігін бұзу салдарынан осындай жарылыс болып тұр. Қазіргі таңда материалдық шығын, сонан кейін нақты оның себебі қазір тиісті мамандармен, тиісті департамент полициямен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
А. Төребекқызы