Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағалығына қайта сайланды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2017
  • 3242

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының төрағасы қызметіне қайта сайланды. Бұған дейін Тоқаев президент жарлығымен сенаторлыққа тағайындалған еді. Кейін оның кандидатурасы Сенат төрағалығына ұсынылды. Төраға әріптестеріне алғысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Құрметті әріптестер, Президенттің ұсынысын қолдап, маған сенім білдіргендеріңізге үлкен рахмет. Елбасына маған тағы сенім артқаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бірге жұмыс істейтін болдық. 

Депутаттар іле-шала Парламенттің жоғары палатасы спикерінің орынбасарын да сайлап алды. Бұл қызметке Бектас Бекназаров лайық деп танылды. Палата сонымен қатар депутат Дархан Қалетаевтың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің құрамына бекіту туралы қаулы қабылдады. Ал бұрынғы сенатор Ләззат Қиынов мерзімі аяқталуы себепті әріптестерімен қоштасты. Ол бұл қызметті төрт жыл атқарған еді.